23 қыркүйек 2023 14:53

Министр спортшылардың Азиадаға дайындық барысымен танысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

gov.kz gov.kz

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Ханчжоуда спортшыларымыздың Азиадаға дайындық барысымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Ханчжоуда спортшыларымыздың Азиадаға дайындық барысымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшылар заманауи және жайлы қонақүйде, бір және екі орындық бөлмелерге орналасқан.

"Министр бірінші кезекте тұрғын үй-жайларды қарап шықты. Одан кейін спортшыларымыз тамақтанатын асханаға барды. Спортшылардың дені Ханчжоуға келді, бірақ соған қарамастан еш жерде кезек байқалмады. Бұл ұйымдастыру деңгейі мен сапасы жоғары екенін көрсетеді", - делінген хабарламада.

Ермек Маржықпаев ұлттық құраманың медициналық штабын да назардан тыс қалдырмады. Қытайға спортшылардың физикалық жағдайын мұқият бақылайтын 50-ге жуық маман барды. Дәрігерлер 24/7 жұмыс істеп жатқанын айтты.

"Министрлік Қазақстан командасы осы жарыстарға барынша қолайлы жағдайда қатыса алатындай үлкен жұмыс атқарды, ал спортшылар мен жаттықтырушылар-кез келген уақытта дәрігерлер мен жедел штаб тарапынан қолдауға сене алады. Әрине, біздің күш-жігеріміз бекер болмай, ұлттық құрама Азиадада сәтті өнер көрсетіп, өз жемісін береді деп үміттенеміз. Біз жарыстың басталуын күтеміз, спортшыларымызды қолдаймыз және олардың жеңісіне сенеміз",- деді Ермек Маржықпаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети