11 тамыз 2023 10:35

Мұнай рекордтық өсуден кейін арзандай бастады

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Мұнайдың әлемдік бағасы бір күн бұрын рекордтық күн сайынғы өсімнен кейін төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мұнайдың әлемдік бағасы бір күн бұрын рекордтық күн сайынғы өсімнен кейін төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің баррелі Астана уақытымен таңғы сағат 08:10-дағы сауда деректері бойынша 1,31 пайызға арзандап, баррелі 86,40 доллар болды.

WTI маркалы мұнайдың қыркүйек айындағы фьючерстерінің баррелі 1,77 пайызға арзандап, 82,90 долларға жетті.

Айта кетейік, 10 тамыз күні түстен кейін Brent маркалы мұнайдың бағасы 2023 жылдың қаңтарынан бері алғаш рет баррелі 88 долларға жетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети