13 маусым 2022 11:29

Назарбаев Путинмен кездесті

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elbasy.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесті, - деп хабарлайды elbasy.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесті, - деп хабарлайды elbasy.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесіп, елдің ұлттық мерекесі - Ресей күнімен құттықтады.

Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен Ресей Федерациясының президенті екі ел арасында қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай бір-біріне жылы лебіздерін жеткізді. Тараптар Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы тең дәрежедегі диалог негізінде дамып келе жатқанын атап өтті.

Реклама
Реклама

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин бір-біріне мықты денсаулық және амандық тілеп, арадағы достық байланыс алдағы уақытта да Қазақстан мен Ресей халықтарының игілігі үшін жалғасын табады деген сенім білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram