21 қараша 2022 09:33

Назарбаев Тоқаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

"Сізді Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы айқын жеңісіңізбен риясыз көңілмен құттықтаймын! Бұл – Мемлекет басшысы ретіндегі беделіңіздің айшықты айғағы, сондай-ақ ауқымды реформаларыңыз бен тың бастамаларыңызға және тәуелсіздік тағдыры таразыға тартылған сын сағатта көрсете білген табанды да шешімтал мінезіңізге, ақыл-парасатыңызға деген халықтың қалтқысыз сенімінің даусыз дәлелі.

Алдағы уақытта да баршаның алғыс-ризашылығы мен құрметіне бөлене беруіңізге тілектеспін", – делінген Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауында.

Еxit poll нәтижесі бойынша, Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлауда қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 82 пайызға жуық дауыс жинап, жеңіске жетті.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram