13 қыркүйек 2022 15:02

Нұр-Сұлтанда Рим Папасы мен Си Цзиньпиннің келуіне қалай дайындалып жатыр?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан Рим Папасы Франциск пен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинді қарсы алуға дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан Рим Папасы Франциск пен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинді қарсы алуға дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалада полиция көліктері айтарлықтай көбейген.

Елорданың орталық көшелерінде Ватикан мен Қытайдың тулары ілулі тұр.

Туларды әуежайдан және бүкіл Мәңгілік Ел даңғылы бойынан, сондай-ақ 14 қыркүйекте Рим Папасы месса өткізетін EXPO аймағында көруге болады.

EXPO аумағында мессаға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. ҚР Сыртқы істер министрлігі мәліметінше, қонақтардың басым бөлігі Орталық Азия мен көршілес елдерден келеді.

Nur Alem сферасына жақын аумақ темір қоршаумен бөлінген.

Аумақты туристік полиция қарауылдайды.

Нұр-Сұлтанда Тәуелсіздік сарайында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне орай жаңа саябақ ашылды. Ол Бейбітшілік пен келісім саябағы деп аталған. Ол Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Yelnar Bazyken (@y.bazyken)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети