10 сәуір 2023 16:52

Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтардың қашуы: оқиғаның егжей-тегжейі айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Yonhap Фото: Yonhap

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтардың оқиғасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтардың оқиғасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өздеріңізге белгілі, 2023 жылдың 24 наурызында Инчхон әуежайында паспорттық бақылау кезінде Ташкент қаласынан келген екі Қазақстан азаматына Оңтүстік Корея Республикасына кіруге тыйым салынды. Депортацияны күту үшін олар арнайы бөлмеге орналастырылды, олар түнде қашып, Оңтүстік Корея аумағына заңсыз кірген", - деді Смадияров.

Оның айтуынша, бір қазақстандық 26 наурызда ұсталған, екіншісі 29 наурызда берілді.

"Қазір екеуі де Инчхонның көші-қон орталығында, тергеу изоляторында. Оңтүстік Корея заңнамасына сәйкес тергеу шаралары 3 айға дейін созылуы мүмкін, содан кейін іс прокуратураға беріледі. Осыған байланысты Кореяның құзырлы органдары тергеу мүддесі үшін істің мән-жай ашылмай отыр.

Олар елдің заңын бұзды. Әрине, олар сол елдің заңдары бойынша жазаланады. Бұл жағдайда депортация туралы әңгіме болмайды: бұл - шет мемлекеттің заңдарын өрескел бұзу. Қазір оларды қайтару мүмкін емес", - деді Смадияров.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәліметінше, бұл азаматтар Оңтүстік Корея заңнамасын үш рет бұзды деп айыпталып отыр.

"Біріншісі - көші-қонды бақылау туралы заңнаманы бұзу, елге заңсыз кіру. Екіншісі - көші-қонды бақылау туралы заңнаманы бұзу, елде заңсыз болу. Үшіншісі – әуежай ғимараты мен оның нысандарына қатысты заңды бұзу, материалдық шығын", - деді Смадияров.

Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігі жергілікті құқық қорғау органдарымен және азаматтардың туыстарымен тұрақты байланыста екені хабарланды.

Ол Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматтарының жаппай жұмыстан босатылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.

"Бұл оқиға ресми түрде жұмыс істейтін Қазақстан азаматтарына әсер еткен жоқ", - деп қорытындылады СІМ өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети