24 ақпан 2022 09:09

"Орыстар соғысты қалап отыр ма?" Зеленский ресейліктерге үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина президенті Владимир Зеленский © Reuters Украина президенті Владимир Зеленский © Reuters

Украина президенті Владимир Зеленский 24 ақпанға қараған түні Ресей азаматтарына орыс тілінде видеоүндеу жасады. Зеленский Украина халқы бейбітшілікті қалайды деп сендірді және ресейліктерден соғысқысы келе ме деп сұрады. Мәлімдеменің толық мәтінін "Украинская правда" жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Украина президенті Владимир Зеленский 24 ақпанға қараған түні Ресей азаматтарына орыс тілінде видеоүндеу жасады. Зеленский Украина халқы бейбітшілікті қалайды деп сендірді және ресейліктерден соғысқысы келе ме деп сұрады. Мәлімдеменің толық мәтінін "Украинская правда" жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін мен Ресей Федерациясының Президентімен телефон арқылы сөйлесуге бастамашы болдым. Нәтижесі - тыныштық. Тыныштық Донбасста болуы керек. Сондықтан бүгін мен Ресейдің барлық азаматына жүгінгім келеді. Президент ретінде емес, мен Ресей азаматтарына Украина азаматы ретінде жүгінемін.

Сіз бен бізді екі мың шақырымнан астам ортақ шекара бөліп жатыр. Оның бойында бүгінде сіздердің әскер, 200 мыңға жуық сарбаз, мыңдаған әскери көлік тұр. Сіздердің басшылық олардың басқа елдің аумағына қарай қадамын мақұлдады. Бұл қадам Еуропа құрлығындағы үлкен соғыстың бастауы болуы мүмкін.

Күннен күнге не болуы мүмкін екенін бүгінде бүкіл әлем талқылап жатыр. Себеп кез келген уақытта пайда болуы мүмкін. Кез келген арандату, кез келген өршіту. Бәрін жалын шарпиды.

Олар сіздерге бұл жалын Украина халқына азаттық әкеледі деп сендіреді. Бірақ украин халқы азат. Ол өзінің жүріп өткен жолын есіне алып, болашағын өзі қалыптастырады. Күн сайын теледидарда айтылып жатқандай, ол бұзбайды, ол болашағын өзі құрады.

Сіздер көретін жаңалықтардағы Украина мен шын өмірдегі Украина - бұл екі түрлі ел, олардың басты айырмашылығы - біздікі - шынайы.

Сіздерге бізді фашист деп көрсетеді. Нацизмге қарсы сегіз миллион адам өмірін қиған халық өзі нацист бола ала ма? Мен қалай нацист бола аламын? Кеңес армиясында соғысты бастан өткерген, кейін тәуелсіз Украинада полковник шенінде қайтыс болған атама айтып көріңіз. 

Олар сіздерге бізді орыс мәдениетін жеккөреді дейді. Мәдениетті, кез келген мәдениетті қалай жеккөруге болады? Көршілер әрқашан бір-бірін мәдени байытады, бірақ бұл оларды біртұтас қылмайды, біз бен сізді қосып жібермейді. Біз әртүрліміз, бірақ бұл жау болуға себеп емес. Біз өз тарихымызды - бейбіт, тыныш, адал анықтағымыз келеді.

Мен туралы сіздерге Донбассқа шабуыл жасауды бұйырады деп айтып жатыр: ату, сұраусыз бомбалау. Бірақ сұрақ өте көп. Кімді ату керек? Нені бомбалау керек? Мен ондаған рет барған Донецкіні ме? Достарымен серуендеп жүрген Артемді ме, Еурода украин жігіттеріне жанкүйер болған Донбасс-аренаны бомбалаймын ба? Біздің жігіттер жеңіліп қалғанда достарымызбен бірге жиналып отыратын Щербаков саябағын бомбалаймын ба? Менің ең жақын досымның анасы тұратын үй орналасқан Луганскіні бомбалаймын ба? Менің ең жақын досымның әкесі жерленген жерді бомбалаймын ба?

Байқасаңыз, мен қазір орыс тілінде сөйлеп тұрмын, бірақ Ресейде ешкім де не туралы айтып жатқанымды түсінбейді. Бұл атаулар, бұл көшелер, осы фамилиялар, осы оқиғалар - бәрі сіздер үшін бөтен, бейтаныс. Бұл біздің жеріміз, бұл біздің тарихымыз, ал сіздер не үшін күресесіздер және кіммен?

Көпшілігіңіз Украинада болғансыздар, көбіңіздің Украинада туыстарыңыз бар, біреу украиналық университеттерде оқыды, украиндармен дос болдыңыздар, біздің мінезімізді білесіздер, біздің адамдарымызды білесіздер, біздің ұстанымдарымызды білесіздер, құндылығымызды білесіздер. Сондықтан өздеріңізді, саналарыңызды, ақыл-ойдың үнін тыңдаңыздар. Бізді тыңдаңыздар - Украина халқы бейбітшілікті қалайды, Украина билігі бейбітшілікті қалайды. Қолынан келгеннің бәрін жасайды.

Біз жалғыз емеспіз, бұл рас. Украинаны бұл жағдайда көптеген ел қолдайды. Неліктен? Иә, өйткені бұл бейбітшілік пен принциптер туралы, әділдік туралы, халықаралық құқық туралы, өзін-өзі анықтау құқығы, өз болашағын өзі анықтау құқығы, әр қоғамның қауіпсіздік құқығы және әр адамның қауіп-қатерсіз өмір сүру құқығы туралы мәселе.

Мұның бәрі біз үшін маңызды, әлем үшін маңызды. Мен бұл сіздер үшін де маңызды екенін білемін. Біз нақты білеміз: бізге соғыс қажет емес, суық та, ыстық та, гибридті де қажет емес. Бірақ егер бізге әскер келсе, егер олар біздің елімізді, бостандығымызды, өмірімізді, балаларымыздың өмірін алып кетуге тырысса, біз өзімізді қорғаймыз. Шабуылдау емес - қорғану. (...)

Орыстарға соғыс керек пе? Мен бұл сұраққа шынымен жауап бергім келеді. Бірақ жауап сіздерге байланысты. Ресей Федерациясының азаматтары, назарларыңызға рақмет", - деді Зеленский.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети