10 қараша 2023 15:31

Павлодар әкімінің орынбасары сотта соңғы сөзін айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz Фото ©️ Tengrinews.kz

Павлодар әкімінің орынбасары сотта соңғы сөзін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар әкімінің орынбасары сотта соңғы сөзін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар №2 сотында бопсалау арқылы қомақты көлемде пара алды деп айыпталған Павлодар әкімінің орынбасары Арслан Қалияқбаровтың соңғы сөзі тыңдалды. Шенеунік кәсіпкерден қарызға ақша сұрағанына өкінетінін айтты.

"Пайда көру мақсатым болған жоқ, біреудің есебінен қаржылай баюды ойламадым. Енді түсіндім, мемлекеттік қызметкер ретінде кәсіпкердің ақша беру туралы әңгімесін қолдамауым керек еді, бұл - менің кінәм", — деді Қалияқбаров.

Соттан кешірім жасауды сұраған шенеунік өзінің төрт бала тәрбиелеп отырғанын, отбасындағы жалғыз асыраушы екенін айтты.

"Сізден мені қатаң жазаламауды өтінемін, мен қоғамға қауіп төндірмейтінімді дәлелдеу үшін түзелуге мүмкіндік беруді және бала тәрбиесімен айналысуға мүмкіндік сұраймын. Сонымен қатар, қылмыстық іс материалдарында Қалияқбаровтың қолы қойылған мемлекеттік қызметшінің анты жоқ, сондықтан прокурор ант беруді негізсіз түрде ауырлататын тармақ ретінде енгізгеніне назар аударамын", - деді Қалияқбаров сотта.

Айта кетейік, бұған дейін шенеуніктің тағылған айып бойынша өз кінәсін мойындамағаны хабарланған болатын. Талқылау барысында прокурор Арслан Қалияқбаровты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети