09 тамыз 2023 14:31

Павлодар облысында көпбалалы отбасының үйі өртеніп кетті

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Фото: Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Павлодар облысында өрт салдарынан екі жасар қыз қайтыс болды. Тағы бір баланы күйік шалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысында өрт салдарынан екі жасар қыз қайтыс болды. Тағы бір баланы күйік шалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 9 тамызда Павлодар облысының Береговое ауылында болды. Көпбалалы отбасының үйі өртеніп кетті. Өрт 80 шаршы метрді шарпыған.

"Өрт кезінде 2019 жылы туған бала зардап шекті. Бала 1-2-дәрежелі термиялық күйік алды. 2021 жылы туған тағы бір сәби қайтыс болды", - деді Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Фото: Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Шенеуніктердің айтуынша, оқиға кезінде анасы сыртта болған. Күйік шалған 4 жасар баланы ата-анасы өздері аман алып қалды.

Жалын жеке үйді толығымен жарамсыз етіп тастады. Сегізінші баласын күтіп отырған көпбалалы отбасы баспанасыз қалды. Өрт 11:45-те оқшауланып, жарты сағатта толығымен жойылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети