06 қыркүйек 2023 09:56

Павлодарда көлік жүргізушісі мен жолаушылар жасөспірім жаяу жүргіншіні соққыға жыққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: polisia.kz Сурет: polisia.kz

Павлодарда жасөспірімді үстіне су шашқан көлік жүргізушісіне айтқан ескертуі үшін ұрып-соққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Павлодарда жасөспірімді үстіне су шашқан көлік жүргізушісіне айтқан ескертуі үшін ұрып-соққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 4 қыркүйекте сағат 18:30-да колледж студенті Катаев көшесі бойымен жаяу жүргіншілер жолында келе жатқан кәмелетке толмаған жігітке белгісіз көлік өтіп бара жатып, су шашып жіберген. Жасөспірім жүргізушіге дөрекі түрде ескерту жасаған. Мұны естіген көлік жүргізушісі тоқтап, жолаушыларымен бірге салоннан шығып, қысқа жанжалдан кейін жасөспірімді аяусыз соққыға жыққан.

17 жастағы жәбірленуші ауруханаға жеткізілді.

Көліктің жүргізушісі 27 жастағы павлодарлық болып шықты.

"Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің "бұзақылық" 293 - бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды, - деп хабарлады ведомстводан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети