12 тамыз 2023 11:17

Павлодарда күйеуін өлтірген жүкті әйел бұл әрекетін өзін-өзі қорғау деп тануды талап етіп отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ktk.kz © ktk.kz

Павлодарда жүкті әйелдің күйеуін өлтіруіне қатысты іс бойынша сот басталды. Қылмыс қасақана кісі өлтіру дерегі бойынша тергеліп жатыр. Алайда сотталушы бұл нұсқамен келіспейді. Бұл туралы КТК телеарнасының сюжетінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда жүкті әйелдің күйеуін өлтіруіне қатысты іс бойынша сот басталды. Қылмыс қасақана кісі өлтіру дерегі бойынша тергеліп жатыр. Алайда сотталушы бұл нұсқамен келіспейді. Бұл туралы КТК телеарнасының сюжетінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тікелей қасақана әрекет жасап, қылмыстық құқық бұзушылық қаруы ретінде оң қолындағы асхана пышағын пайдаланып, сол жақ жауырын аймағына бір рет соққы берген. Пышақ жарақаты салдарынан ер адам оқиға орнында қайтыс болған", - деді мемлекеттік айыптаушы Әсемгүл Истаева

Қылмыс мамырда болған. Марқұм Екібастұзда балабақшалардың бірінде күзетші болып жұмыс істеген, сонда достарымен бірге ішімдік ішкен. Жанжал қызғаныштан басталған. Әйелінің айтуынша, күйеуі алғашында ұрып-соға бастаған, кейін шығып кеткен, қайтып келгенде пышақты алып, қорқыта бастаған.

Сол кезде қыз пышақты алып, баспалдаққа қарай жүгіргенін айтады. Күйеуі оны төменге түсірмек болғанда, ол соққы жасаған. Енді 30 жастағы сотталушы кісі өлтіруді өзін-өзі қорғау деп тануды талап етіп отыр.

"Барлық тексеру жүргізілді, жағдайлық сараптама өзін-өзі қорғаудың қажет екенін көрсетті. Неге бас тартқандарын түсінбеймін. Сараптама мен тарапта болса да, яғни мен өзімді қорғадым және болашақ баламды. Неге екені белгісіз, прокуратура қабылдамай отыр, себебін түсіне алмай отырмын", - деді айыпталушы Әсем Әлімбаева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети