17 қараша 2023 09:44

"Шөлдала" заставасындағы мерзімді әскери қызметшінің өлімі: үкім өзгерді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы шекара заставасының сержанты Н.-ға қатысты күш қолдану арқылы қорқытып алу (ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы) және билікті асыра пайдалану (ҚР ҚК-нің 451-бабының 1-бөлігі) баптарымен айыпталған үкімнің күшін жойды. Оған әскери қызметші Б.-ны өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізді деген айып та тағылған (ҚР ҚК-нің 451-бабының 2-бөлігі және 105-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы), - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Әскери сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент гарнизоны әскери сотының үкімі бойынша, сержант Н. ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігінің 1-тармағындағы және 451-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп танылып 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырған, ал, ҚК-нің 105-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы және 451-бабының 2-бөлігімен кінәсіз деп танылып, ақталған.

"Сотпен сотталушы Н. шекара заставасында келісімшарт бойынша мобильді топтың басшысы ретінде қызмет атқарғаны анықталды.

2022 жылдың тамызында ол (сотталушы Н.,) әскери қызметшілер Қарулы Күштердің Жарғысын бұзып, нарядтағы бекеттерді өз еріктерімен ауыстырғанын анықтаған. Осы себепті пайдалана отырып, сотталушы Н. қатардағы жауынгер Қ.-дан ақша қаражатын бопсалап, өзінің банктік шотына аударуын талап еткен. Сонымен қатар, сотталушы Н. шекара заставасының аумағында алкогольдік ішімдіктер ішкен әскери қызметшілер Б., К., А.-ны көріп, өзінің қызметтік өкілетін асыра пайдаланып, оларға дене жарақаттарын келтірген", - делінген хабарламада.

Кейін, сотталушы Н. жағдайды пайдаланып, жүйелі және негізсіз түрде, әскери қызметші Б.-ның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау арқылы соңғыны өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген.

"Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелерді қарап тексерумен, оның ішінде банктік шоттан үзінді көшірмесімен, шекара заставасынан алынған бейнежазбамен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен өз дәлелін тапқан".

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының үкімімен әскери қызметші Н. ҚК-нің 194-бабы 2-бөлімнің 1-тармағындағы және 451-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети