04 тамыз 2014 13:21

"Шымбұлақ" төтенше оқиғадан соң қауіпсіздікті күшейтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©travel.ru ©travel.ru

"Шымбұлақ" тау шаңғысы курорты гондола жолы кабинасынан ер адам секіріп кеткеннен кейін қауіпсіздік шараларын күшейтпек, Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы курорттың бас директоры Ержан Еркінбаев айтты. Зардап шегушінің жағдайы ауыр, оған операция жасалған.


"Шымбұлақ" тау шаңғысы курорты гондола жолы кабинасынан ер адам секіріп кеткеннен кейін қауіпсіздік шараларын күшейтпек, Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы курорттың бас директоры Ержан Еркінбаев айтты. Зардап шегушінің жағдайы ауыр, оған операция жасалған.

Еркінбаевтың айтуынша, бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалмаған. Ер адамның отбасы "Шымбұлаққа" ешқандай талап қойып отырған жоқ. Бас директордың айтуынша, ер адам кабинаға гондола жолы жабылардан бірнеше минут бұрын отырған. Оператор оған кабинадан шықпауды ескерткен. Гондола жолының ең биік станциясында ер адам ескертпеге қарамастан, кабинадан шығып, суретке түспек болды. Сол кезде оператор аспалы жолды жауып, төменге түскен. Қызметкер ер адам жұмысын тоқтатқан кабиналарға отыруға тыйым салатын белгілерді ескереді деп сенген. Бірақ ер адам кабинаға отырып алып, орта жолда ілінген кабиналардың ішінде қалып кетеді. Ол жерден өз бетімен шығуға әрекеттеніп, бірнеше сағаттан соң төменге секірген.

"Енді біз шара қолдануды ұйғардық: тыйым салу белгілері мен сілтемелердің бар-жоғына қарамастан, гондола жолы тоқтаған сәтте кабиналардың есігі де жабылатын болады. Операторлар станцияларда жолдың толық тоқтағанынша отыратын болады, станциялар дуалмен қоршалып, құлыпталуы мүмкін. Бұған қоса, бейнебақылау камераларының қатары көбейтіледі", - дейді "Шымбұлақ" басшысы.

Еске сала кетейік, Tengrinews.kz "Шымбұлақта" болған төтенше оқиға туралы хабарлаған еді. Соңғы мәлімет бойынша, ер адамның қол-аяғы сынған, оған операция жасалды. Жағдайы әлі де болса, ауыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети