01 ақпан 2024 10:12

Шымкенттегі ХҚКО-ға арнайы жасақ неге басып кірді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

t.me/kozachkow/видео кадры

ҰҚК-ның Шымкенттегі департаменті қызметкерлері былтыр "Азаматтарға арналған үкімет" филиалында жүргізген тінтуге қатысты тың мәлімет белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҰҚК-ның Шымкенттегі департаменті қызметкерлері былтыр "Азаматтарға арналған үкімет" филиалында жүргізген тінтуге қатысты тың мәлімет белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҰҚК Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауап бойынша, бұл Халыққа қызмет көрсету орталығында "тергеу үшін қызығушылық тудыратын материалдарды анықтау және алу мақсатында" тінту жүргізілген.

"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент бойынша департаменті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 206-бабы 2-бөлігі "Мәліметтерді заңсыз жою немесе өзгерту" бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр", - деп хабарлады ҰҚК.

Шымкент прокуратурасы тінту кезіндегі ҰҚК департаменті қызметкерлерінің әрекетін заңды және негізді деп танығаны айтылды. Шымкент филиалының қызметкерлері қандай ақпаратты жоюға (немесе өзгертуге) әрекеттенгені көрсетілмеген.

"Соталды тергеп-тексеру, оның ішінде заңсыз әрекеттерге қатысы бар басқа тұлғаларды анықтау жалғасып жатыр", - деп толықтырды комитет.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 206-бабы 2-бөлігінде 2 мың АЕК (2024 жылы 7,3 миллион теңге – еск.) айыппұлдан екі жылға бас бостандығынан айыруға немесе бас бостандығын шектеуге дейін жаза қарастырылған.

"Азаматтарға арналған үкімет" басшысы Шымкент филиалындағы тінтуге қатысты пікір білдірді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети