09 ақпан 2024 16:12

Талдықорғанда Назарбаев ескерткішінің тұғыры алып тасталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі Фото: Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Талдықорған әкімдігі Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші орнатылған тұғырдың алып тасталу себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Талдықорған әкімдігі Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші орнатылған тұғырдың алып тасталу себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұңғыш президент ескерткішінің тұғыры алып тасталғаны туралы ақпарат бұған дейін әлеуметтік желілерде пайда болды. Барлық жұмыстар түнде жүргізілген, сондықтан қала тұрғындары бұл процесті көрмеді.

Талдықорған әкімдігі тұғырдың алып тасталу себебін айтып, оның қаланың сәулетіне сай келмейтінін айтты.

"Талдықорған орталық алаңындағы ескерткіш тұғырының бұзылуына байланысты ескерткіштің төменгі бөлігінің қалдықтары қалалық кеңістіктің сәулетін бұзғандықтан бөлшектелгенін хабарлаймыз. Бүгінде ол жерде қандай да бір мәдени нысанды қалпына келтіру немесе салу жоспарланбаған", - деді Талдықорған әкімінің орынбасары Бауыржан Әбибеков.

Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаев ескерткішінің өзі 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде бұзылған болатын. Ескерткіштен тек жазуы бар тұғыры ғана қалған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети