17 тамыз 2022 08:06

Tengrinews.kz пен Massaget.kz ХАТУ дарынды талапкерлеріне грант бөледі

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Alash Media Group холдингі Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ) журналистика факультетінің дарынды талапкерлеріне білім гранты мен жеңілдіктер бөледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Alash Media Group холдингі Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ) журналистика факультетінің дарынды талапкерлеріне білім гранты мен жеңілдіктер бөледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Alash Media Group холдингі ХАТУ-дың БАҚ-пен байланыс кафедрасының студенттеріне журналистика саласындағы бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру аясында жеңілдіктер бөледі", - делінген ХАТУ хабарламасында.

Tengrinews.kz және Massaget.kz порталдарынан, сондай-ақ холдинг құрамына кіретін Жұлдыз FM радиостанциясынан "Цифрлық журналистика" бағдарламасына үміткерлерге жеті түрлі жеңілдіктер беріледі:

• Tengrinews.kz сайтынан 100 пайыз грант - 1 адам;
• Massaget.kz сайтынан 50 пайыз жеңілдік - 2 адам;
• "Жұлдыз FM" радиосынан 25 пайыз жеңілдік - 4 адам.

Байқауға қатысу үшін ХАТУ қабылдау комиссиясына Tengrinews.kz, Massaget сайттарынан және Жұлдыз FM-нен жеңілдік алуға өтініш жазып, шығармашылық емтихандар портфолиосын ұсыну қажет.

Білім гранттарын тағайындау туралы шешім ХАТУ ректоры Асқар Хикметовпен кездесу барысында қабылданды. Гранттарға конкурс осы аптада жарияланады, қорытындысы оқу жылының басында белгілі болады.

Болашақта ХАТУ журналистика факультетінің студенттері Tengrinews.kz, Massaget.kz платформаларында және Жұлдыз FM радиосында тәжірибеден өтуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар, Alash Media Group базасында ХАТУ журналистика кафедрасын ашу жоспарланып отыр, ал медиахолдингтің жетекші сарапшылары мен журналистері студенттерге дәрістер, курстар мен шеберлік сабақтарын өткізеді. Қабілетті және дарынды студенттер компанияда жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады.

Alash Media Group - Tengrinews.kz, Vesti.kz, Massaget.kz ақпараттық порталдары, Жұлдыз FM, Retro FM Қазақстан радиостанциялары, СТВ арнасы кіретін Қазақстандағы жетекші медиахолдинг. Медиахолдингті белгілі журналист Батыр Қазыбаев құрып, 10 жылдан аса уақыт басқарды.

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ) - білікті, халықаралық деңгейде мойындалған ІТ мамандарды даярлау саласындағы Орталық Азия аймағындағы жетекші жоғары оқу орны.

ХАТУ 10 жылдық даму барысында елдегі ең үздік техникалық университеттер рейтингіне кіре алды. Университет білім беру қызметінің сапасын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді, профессор-оқытушылар құрамының жоғары әлеуетін қамтамасыз етеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети