01 қараша 2023 11:32

Тоқаев Ақордада Франция президентін қарсы алды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Данияр Есетов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Франция президенті Эмманюэль Макронмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Франция президенті Эмманюэль Макронмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Франция басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу үшін Ақордаға келді. Ол Қазақстанда ресми сапармен жүр.

Реклама
Реклама

Екі елдің Министрлер кабинетінің мүшелері дәстүр бойынша Ақордада бас қосты.

Қасым-Жомарт Тоқаев келгеннен кейін салтанатты рәсімнің ресми бөлімі басталды.

Салтанатты шараның басында құрметті қарауыл бастығы ел басшыларына рапорт берді, одан кейін Қазақстан мен Францияның әнұрандары шырқалды.

Президенттер бір-бірімен күліп амандасып, қол алысып, кездесуді шектеулі құрамда жалғастырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram