09 қараша 2023 14:33

Тоқаев қандай тауарларды халықаралық санкциядан босату керек екенін айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қандай тауарларды халықаралық санкциялардан босату керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қандай тауарларды халықаралық санкциялардан босату керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық форумында бейнеконференция арқылы сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығында бір-бірімен бәсекеге түспеуі керек екенін атап өтті.

"Фермерлер үшін тыңайтқыштардың қолжетімділігін арттыру және сыртқы нарыққа шығу жолдарын бірлесіп іздеуіміз керек. Жақсы мысал бар – бұл Қазақстанда "Уралхим" компаниясымен бірлесіп қуаттылығы төрт миллион тонна минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыттың салынуы", - деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысының айтуынша, химия өнеркәсібі екі елдің шаруаларын жоғары сапалы тыңайтқыштармен толық көлемде және қолжетімді бағамен қамтамасыз етуі маңызды.

"Қазақстан жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін нығайту үшін азық-түлік, тыңайтқыштар мен тұқымдарды халықаралық санкциялардан алып тастау керек деген ұстанымды ұстанады", - деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети