15 наурыз 2024 16:50

Тоқаев Қазақстандағы көлік жүргізу мәдениетін сынға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Мемлекет басшысы Қазақстандағы көлік жүргізу мәдениетін сынға алды. Ұлттық Құрылтай отырысында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет ешуақытта жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке және бейберекеттікке ешқашан жол бермейтінін әрбір азамат жақсы түсінуі керек деді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қазақстандағы көлік жүргізу мәдениетін сынға алды. Ұлттық Құрылтай отырысында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет ешуақытта жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке және бейберекеттікке ешқашан жол бермейтінін әрбір азамат жақсы түсінуі керек деді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы тағы бір маңызды құндылық бұл – заң және тәртіп екенін айтты. Заң алдында – бәрі бірдей. Бұл – баршаға ортақ мызғымас қағида.

"Барша азаматтар, барлық жерде, соның ішінде әлеуметтік желіде де заңды мүлтіксіз сақтауы керек. Заңға қайшы келетін, қоғамға іріткі салатын және арандатушылық пиғылдағы кез келген әрекетке қатаң тыйым салынады. Біз "жасампаз плюрализмді толық қолдаймыз, елге іріткі салатын радикализмге түбегейлі қарсымыз" деген қағидатты берік ұстанамыз. Ел ішіндегі тәртіпке әрқайсымыз жауаптымыз. Әлемді шынымен өзгерткің келсе, өзгерісті қарапайым нәрседен баста деп бекер айтылмаған. Яғни, отбасыңда береке болуын ойла, жұмыс орныңды, үй-жайыңды, аулаңды ретке келтір, қоғамдық орында әдеп сақта", - деді Президент.

Тоқаев құқықтық мәдениеттің деңгейін аңғартатын айқын көрсеткіштің бірі – азаматтарымыздың көлік жүргізу мәнері екенін айтты.

"Жол жүру ережесін жаппай бұзудың және жол үстіндегі дөрекіліктің зардаптары аса ауыр боп тұр. Жыл сайын мыңдаған адам мен бала көлік апатынан қаза табады. Бұл – солардың жақын-жуықтары үшін ғана емес, тұтас еліміз үшін қайғылы жағдай. Заң бар жерде, тәртіп бар", - дед Президент.

"Көбінесе қиын сәттерде азаматтардың тәртіпке бағынуы олардың қауіпсіздігіне кепіл болады. Жақында Алматы қаласында жер сілкінгенде кейбір балабақшалар мен мектептердегі балалар ұйымшылдықтың озық үлгісін көрсетті. Осыдан-ақ баланы балабақшадан және бастауыш сыныптан бастап тәртіпке баулудың қаншалықты маңызды екенін айқын көруге болады".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети