28 тамыз 2014 14:07

Тоқаев: Минск кездесуі Назарбаевтың беделін көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев. ©Тengrinews.kz Қасым-Жомарт Тоқаев. ©Тengrinews.kz

Минскіде өткен кездесу Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық беделін көрсетті. Мұндай пікірді өзінің Twitter-аккаунтында Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Минскіде өткен кездесу Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық беделін көрсетті. Мұндай пікірді өзінің Twitter-аккаунтында Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Минск кездесуі Украинадағы дағдарыстан шығудың конструктивті жолдарын ұсынған Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық беделін көрсетті, - деп жазды Тоқаев.

Еске салайық, Минскіде "еуразиялық үштік" жетекшілерінің Украина президенті Петр Порошенкомен және Еуроодақ өкілдерімен кездесуі өткен болатын. Нұрсұлтан Назарбаев Украина бітімгершілік жариялауға шақырып, елге гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. 

Украина президенті Петр Порошенко өз елі мен Қазақстанның арасындағы өзара тауар айналымын ұлғайтудың әлеуеті мол екенін айтты. "Мен Сіздің Украинадағы ахуалды реттеу бағытындағы батыл ұстанымыңызды білемін, мен Сізге Украинаның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі ұстанымдарымызға қолдау көрсеткен шешуші әрекеттеріңіз үшін алғыс айтамын. Сіз үшін Украина бөтен ел емес, есімде, біз Сізбен Днепропетровскіде Сіз тәмамдаған оқу орнының жанында кездескен едік. Украинада Сізді ұмытпайды, құрметтейді, жақсы көреді", - деді Порошенко.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети