11 шілде 2016 11:35

Төлешов қылмыс әлемінің дөкейлерін ұзақ уақыт бойы қаржыландырған - ҚР ҰҚК

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов қылмыс әлемінің дөкейлерін ұзақ уақыт бойы қаржыландырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов қылмыс әлемінің дөкейлерін ұзақ уақыт бойы қаржыландырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін ҰҚК өкілдері Төлешовтің ұзақ уақыт бойы шетелдегі "Братский круг" сияқты белгілі қылмыстық трансұлттық қауымдастықтың лидерлері мен басты тұлғаларын қаржыландырып келгенін және байланыста болып келгенін хабарлады.

"Оның тұрақты байланыста болған адамдарының ішінде қылмыс әлемінің лидері саналатын, лақап аты Дед Хасан, Жора Ташкентский деген лақап аты бар Георгий Сорокин, Гафур Рахимов (лақап аты Черный Гафур ), Нозин Джумаев (лақап аты Максим Бухарский), Ільяс Сұлтанов (дядя Ильяс) бар. Тергеу барысында Төлешовтен бұл адамдарға Рахимов пен Жұмаевтың қатысуымен ірі көлемде қаражаттың жиі жеткізіліп отырғаны туралы нақты дәлелдер алынды", - деп хабарлады ҰҚК өкілдері баспасөз мәслихаты барысында.

Айта кетейік, Төлешовке трансұлттық қылмыстық қоғамдастықты қаржыландырған, сонымен қатар тұрақты қарулы топты құрып, басқарған деген күдік келіп отыр. Тергеу Төлешовтің бірқатар ауыр қылмыс және аса ауыр қылмыс жасағанын анықтаған. Ал осыған дейін Төлешовтің ісі бойынша 25 адамның жауапқа тартылып отырғаны, 300-дей куәгердің бар екендігі хабарланған болатын.

Еске салайық, белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов 2016 жылдың 30 қаңтарында Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталған болатын. Оның үйін және жұмыс орнын тінту кезінде қару-жарақ, есірткі заттары мен оқулық табылған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети