11 ақпан 2023 10:16

Түркияда жер сілкінісі кезінде құлаған тұрғын үй кешенінің бас сәулетшісі әуежайда ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ыстамбул әуежайының полицейлері жер сілкінісі кезінде толығымен қираған Хатай провинциясындағы тұрғын үй кешенінің бас сәулетшісі Мехмет Яшар Джошкунды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Onedio басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, элиталық тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер 1,5 миллион лирадан 3 миллион лираға дейін (35,9 - 71,8 миллион теңге) сатылған. Бірақ, шаршы метрлердің қымбаттығы олардың сапасына кепілдік бермеген.

Үйді салған екі ағайынды сәулетші Мехмет Яшар Джошкун мен құрылыс инженері Хусейн Ялчин Джошкун екені белгілі және олар жер сілкінісінен кейін із-түзсіз жоғалып кеткен. Оларға қатысты тергеу басталып, қамауға алуға санкция берілді.

10 ақпанда Махмет Яшар Ыстамбул әуежайында ұсталды. Ол шетелге ұшуды көздеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети