27 қараша 2023 14:19

ҰКП бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовтің қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовтің қамауға алу мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовтің қамауға алу мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2023 жылғы 31 қазанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А. Мырзахметовке қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2023 жылғы 10 желтоқсанға дейін ұзартуға санкция бергенін хабарлаймыз", - делінген Астана сотының баспасөз қызметі Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауапта.

Басқа деректер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Еске салайық, Абылай Мырзахметов 12 мамырда қамауға алынған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мырзахметов туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға көмектесті деген күдікпен кәсіпкерді аса ірі көлемде пара беруге итермеледі және алаяқтық жасады деген күдікке ілінгенін хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети