13 шілде 2022 14:04

Қазақстанда жинақталған рубльге қатысты мәселе қалай шешіледі?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Амир Абдулхаимов Фото ©Амир Абдулхаимов

Ұлттық банк Қазақстанда жинақталған қолма-қол Ресей рубліне қатысты жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ұлттық банк Қазақстанда жинақталған қолма-қол Ресей рубліне қатысты жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылғы наурызда Мемлекет басшысының 10 мың АҚШ долларынан асатын сомадағы шетел валютасын елден шығаруды шектеу жөніндегі Жарлығы қабылданды. Шара қолма-қол шетел валютасына алыпсатарлық сұраныстың қысымын төмендетуге және шетел валютасын елден әкету тәуекелдерін ретке келтіруге мүмкіндік берді. Өңірде ішкі қаржы жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін көрші елдер де осындай шаралар қабылдады.

"Сонымен қатар, Қазақстанның РФ-мен өзара жоғары сауда байланысы салдарынан Қазақстан банктерінде елден әкетуге шектеулер қоюға байланысты қолма-қол рубль жинақталды. Бұған, ең алдымен, шекара маңындағы сауданың қомақты көлемі, сондай-ақ ЕАЭО-ға қатысушы елдер азаматтарының одақ ішінде туристік және өзге де мақсаттармен еркін жүруі сияқты факторлар әсер етті", - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова.

Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп жинақталған рубльге қатысты мәселені шешу үшін Жарлыққа толықтырулар енгізген, онда екінші деңгейдегі банктер үшін қолма-қол рубльді бір рет әкету мүмкіндігі көзделген.

"Үкімет қаулысының жобасында күшіне енген сәттен бастап 2022 жылғы 31 тамызға дейін 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша кассаларда жинақталған көлем шегінде Ресейдің қолма-қол рублін әкетуге рұқсат беру жоспарланған.

Рубльді бір рет әкету аралық шара екендігін және Қазақстан банктерінде Ресейдің қолма-қол рублінің жинақталу проблемасын шешпейтінін түсінеміз. Банктердің қолма-қол рубльді әкетуге тыйым салуды толығымен жою мәселесін қарау сауда ағындарына талдау жүргізуге және жағдайдың тұрақтануына қарай мүмкін болмақ", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети