04 сәуір 2017 15:52

Димаш Құдайбергеннің финалдың бірінші кезеңінде қандай ән айтатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерден алынған сурет Әлеуметтік желілерден алынған сурет

Димаш Құдайбергеннің финалдың бірінші кезеңінде қандай ән айтатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қазақстандық әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазды.


Димаш Құдайбергеннің финалдың бірінші кезеңінде қандай ән айтатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қазақстандық әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"8 сәуір күні Финалдың алғашқы сайыс күні итальяндық ән Адриано Челентаноның "Confessa" және "Бесінші элемент" фильміндегі Дива Плавалагунаның ариясын тыңдай аласыздар! Тілектеріңіз бен қолдауларыңызға раxмет! Біргеміз", - деп жазды Димаш Құдайберген парақшасында.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының 10-шы кезеңінде 3-орын алып, байқаудың финалына шыққан болатын. Бұл кезеңде қазақстандық әнші "Ұмытылмас күн" әнін қазақ және қытай тілінде орындады. Айта кетейік, әннің авторы Димаш Құдайбергеннің өзі де, сөзін Орал Байсеңгір жазған. Ал 1 сәуірден бастап байқауды қазақстандық телеарна көрcетіп жатыр.

Сондай-ақ, Димаш Құдайбергеннің Астанада Лара Фабианмен бірге ән салатыны хабарланған болатын. "Димаш Құдайберген шақырады" концерті "Астана Арена" сахнасында 27 маусымда өтетіні айтылған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети