05 сәуір 2017 17:01

Димаш Құдайбергеннің орындауындағы саундтрек Қытайда жаңа рекорд орнатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайбергеннің орындауындағы Қытайдың "Battle of memories" фильмінің саундтрегі бірінші күннен бастап Қытайда ITunes QQ қосымшасында ең көп тыңдалатын әндердің көш басында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қазақстандық әншінің PR-директоры әрі досы Алпамыс Шаримов хабарлады.


Димаш Құдайбергеннің орындауындағы Қытайдың "Battle of memories" фильмінің саундтрегі бірінші күннен бастап Қытайда ITunes QQ қосымшасында ең көп тыңдалатын әндердің көш басында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қазақстандық әншінің PR-директоры әрі досы Алпамыс Шаримов хабарлады.

Айта кетейік, "Battle of memories" мистикалық триллері Қытайда 6 сәуірде прокатқа шығады. Сюжет бойынша, белгілі роман жазушы Хуан Бо отбасындағы сәтсіздіктерді есінен шығарып тастайды. Ал кейіннен ол сол сәттерді қайтармақшы болып, сюжет бойынша қылмыскер болып кетеді. 

 

Димаш Құдайбергеннің қытай тілінде шыққан композициясын бес сағат ішінде 155 мың адам ақылы түрде жүктеген.

Сонымен қатар, жақында Қытайдағы жергілікті Hunan TV телеарнасының қазақстандық әнші жайлы деректі фильм дайындағаны белгілі болды. Фильмде әншінің мұрағаттағы концерттерінің видеолары, суреттері, сондай-ақ, сарапшылардың оның дарыны жайлы айтылған сөздері бар. Сонымен қатар, фильмде Димаш Құдайбергеннің әжесімен және атасымен айтқан әңгімесі қызығушылық тудырады.

Деректі фильмнің әсерлі сәттерін dalatunes.kz порталы орыс тіліне аударған екен.

Айта кетейік, кеше, 4 сәуірде Димаш Құдайбергеннің финалдың бірінші кезеңінде қандай ән айтатыны белгілі болған еді. "8 сәуір күні Финалдың алғашқы сайыс күні итальяндық ән Адриано Челентаноның "Confessa" және "Бесінші элемент" фильміндегі Дива Плавалагунаның ариясын тыңдай аласыздар! Тілектеріңіз бен қолдауларыңызға раxмет! Біргеміз", - деп жазған еді Димаш Құдайберген Instagram желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының 10-шы кезеңінде 3-орын алып, байқаудың финалына шыққан болатын. Бұл кезеңде қазақстандық әнші "Ұмытылмас күн" әнін қазақ және қытай тілінде орындады. Айта кетейік, әннің авторы Димаш Құдайбергеннің өзі де, сөзін Орал Байсеңгір жазған. Ал 1 сәуірден бастап байқауды қазақстандық телеарна көрcетіп жатыр.

Сондай-ақ, Димаш Құдайбергеннің Астанада Лара Фабианмен бірге ән салатыны хабарланған болатын. "Димаш Құдайберген шақырады" концерті "Астана Арена" сахнасында 27 маусымда өтетіні айтылған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети