31 наурыз 2017 16:32

Димаш Құдайберген Астанада Лара Фабианмен бірге ән салады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайбергеннің Астанада өтетін үлкен шоуына Лара Фабиан және Константин мен Валерий Меладзелер қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына сілтеме жасап.


Димаш Құдайбергеннің Астанада өтетін үлкен шоуына Лара Фабиан және Константин мен Валерий Меладзелер қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына сілтеме жасап.

"Димаш Құдайберген шақырады" концерті "Астана Арена" сахнасында 27 маусымда өтеді деп жоспарланған.

"Біз қазір келіссөздерді белсенді жүргізіп жатырмыз, Лара Фабианмен және ағайынды Меладзелермен келісім бар, басқа қатысушылармен де келіссөз жүргізіп жатырмыз. Басты фигура - Димаш Құдайберген. Біз онымен қуана-қуана бірге ән салатын орындаушыларды шақырамыз. Меніңше, екі апта ішінде барлық техникалық мәселені реттейміз. Қарапайым ғана жеке концерт емес, үлкен шоу өткізгіміз келеді", - деді министр.

Оның айтуынша, билеттер сәуірдің ортасынан бастап сатылады.

"Жарықтандыру мен техникалық жабдыққа негізгі қаражат жұмсалады. Димаш Құдайберген елінің патриоты және мұндай өнер көрсетуімен қыруар ақша табуды көздемейді", - деп мәлімдеді Мұхамедиұлы.

Еске сала кетейік, кеше Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының 10-шы кезеңінде 3-орын алып, байқаудың финалына шыққан болатын. Бұл кезеңде қазақстандық әнші "Ұмытылмас күн" әнін қазақ және қытай тілінде орындады. Айта кетейік, әннің авторы Димаш Құдайбергеннің өзі де, сөзін Орал Байсеңгір жазған. Ал ертеңнен, яғни 1 сәуірден бастап байқауды қазақстандық телеарна көрсетеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети