30 наурыз 2017 14:45

Димаш Құдайберген қатысып жатқан байқаудың "Хабар" арнасынан қашан көрсетілетіні анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайберген қатысып жатқан байқаудың "Хабар" арнасынан қашан көрсетілетіні анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі телеарнаның сайтына сілтеме жасап.


Димаш Құдайберген қатысып жатқан байқаудың "Хабар" арнасынан қашан көрсетілетіні анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі телеарнаның сайтына сілтеме жасап.

Қазақ тіліне "Мен әншімін" деп аударылған I Am a Singer шоуы "Хабар" арнасынан 1 сәуірден бастап көрсетіледі. 

"Димаш Құдайбергенов - Орталық Азиядан қатысқан алғашқы әнші. Көрермен Димаштың жеңіс жолының қалай болғандығын тамашалайды. Сонымен бірге әншінің қарсыластары кімдер, сарапшылар оған қандай пікірлер айтты және т.б. қызықты ақпараттар болады. "Хабар" арнасы аталмыш жобаның бірінші бөлімінен бастап көрсететін болады. 1 сәуірден бастап сағат 16.15-те арнамыздан тамашалаңыздар!", - делінген сайтта. 

"Мен әншімін" - үздік әншіні анықтайтын музыкалық байқау. Ең алғаш 2013 жылы эфирге шыққан жоба осы жылы 5-рет ұйымдастырылуда. "Мен әншімін" - Қытай еліндегі ең үздік музыкалық байқаулардың бірі, сондай-ақ Hunan TV арнасының ең танымал музыкалық шоуы. Сондықтан Қытайда бұл жобаның рейтингі өте жоғары. Қазіргі таңда I Am a Singer шоуы Канада, Малайзия, Сингапур, Тайланд және Еуропа мемлекеттеріне тарайды. Қытай елінің Хунань аймағында ұйымдастырылған байқауға қатысушылар - әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған танымал жұлдыздар. Әншілердің саны - 7. Олар - Қытай, Оңтүстік Корея, Малайзия, Сингапур және Қазақстан азаматтары.

Еске сала кетейік, кеше Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының 10-шы кезеңінде 3-орын алып, байқаудың финалына шыққан болатын. Бұл кезеңде қазақстандық әнші "Ұмытылмас күн" әнін қазақ және қытай тілінде орындады. Айта кетейік, әннің авторы Димаш Құдайбергеннің өзі де, сөзін Орал Байсеңгір жазған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети