26 мамыр 2022 13:11

"Тойға шығамыз". Ninety One алдағы жоспарын бөлісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ninety One тобы "Өзіміз ғой" бағдарламасында қонақ болып, алдағы жоспарын бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ninety One тобы "Өзіміз ғой" бағдарламасында қонақ болып, алдағы жоспарын бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ninety One бұған дейін тойға шықпаған. Топ мүшелері енді тойға шақырту алса, бас тартпайтынын жеткізді.

"Егер біздің шағын райдеріміз орындалса, тойға шығып көрейік деп шештік. Басында той мен шоу-бизнесті бөліп, екеуін араластырмаған едік. Барлық күш-жігерді шығармашылыққа қойдық. Дегенмен, той - қазақтың қазынасы, одан қашып құтыла алмаймыз. Негізі, біз тойға ешқашан шықпаймыз деп айтпағанбыз. Ерболат аға не дегенін білмейміз, бірақ біз олай деп мәлімдеме жасамадық", - деді 91 жігіттері.

Сонымен қатар, қазақстандық бойзбенд тойға қандай жағдайда баратынын білдірді. 

"Егер тойда сахна және қажетті техника болса, біз тойға барамыз. Тек той емес, басқа да ұсыныстарды қарастырамыз", - деді олар.

Бұған дейін Ninety One атақты америкалық радио диджейі Алекс Уотерске сұхбат берген еді.

Еске салайық, топтың бұрынғы продюсері Ерболат Беделхан Ninety One мен Juzz Entertainment компаниясы арасындағы келісімшарт мерзімі былтыр қыркүйекте біткенін мәлімдеген еді. Содан бері топ жеке бренд ретінде жұмыс жүргізеді. Ал компания басқа бағыттағы жобаларды қолға алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети