30 шілде 2023 11:59

Қазақ боксшыларымен жаттыққан Кроуфорд абсолютті әлем чемпионы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile Arena-да осы күнге дейін жеңіліп көрмеген америкалық Эррол Спенс (28-0, 22 КО) пен Теренс Кроуфорд (39-0, 30 КО) арасында жартылай орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жекпе-жек сол бокс кешінің басты оқиғасына айналды және 12 раундқа есептелген.

Кроуфорд екінші раундта-ақ қарсыласын нокдаунға түсірді. Спенс орнынан тұрып кетті, оны гонг (раунд аяқталғанда соғылатын қоңырау) ғана құтқарып қалды.

Кейін Теренс өз басымдығын арттыра берді. Жетінші раундта Кроуфорд Спенсті канвасқа екі рет жіберді.

Тоғызыншы раундта Кроуфорд қарсыласын тағы да есеңгіретіп тастады, содан кейін төреші араша түсіп, жекпе-жекті тоқтатты.

Осылайша, Кроуфорд карьерасындағы 40-жеңісіне қол жеткізіп, екінші салмақта абсолютті әлем чемпионы атанды (бұған дейін жартылай орта салмақта өнер көрсеткен). Спенс те карьерасында алғаш рет жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, бұған дейін Теренс Кроуфорд қазақстандық кәсіпқой боксшылар Абылайхан Жүсіповпен, Әбілхан Аманқұлмен және Батыр Жүкембаевпен жаттығып, спаринг өткізгенін жазған едік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети