01 қыркүйек 2023 16:42

Әділет Тойбаев Ғылым министрлігінде жаңа қызметке тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Үкіметтің баспасөз қызметінен алынды Сурет Үкіметтің баспасөз қызметінен алынды

Әділет Тойбаев Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Әділет Тойбаев Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен Әділет Жүнісұлы Тойбаев ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы болып тағайындалды. ",- деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Әділет Тойбаев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін аяқтаған.

Еңбек жолын 2008 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кафедрасының ассистенті болып бастаған.

2009-2011 жылдары - жетекші әдіскер, әдістемелік бөлімнің бастығы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу жұмысы департаментінің директоры.

2011-2017 жылдары - оқу-әдістемелік басқарманың бастығы, академиялық мәселелер департаментінің директоры, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқу работе жөніндегі проректоры.

2017-2018 жылдары - Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің академиялық мәселелер жөніндегі бірінші проректор.

2018 жылдан 2022 жылға дейін білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2022 жылы - БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы.

2022 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін – ХҚҰ Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің директоры.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети