07 маусым 2017 17:22

Джеки Чан өзінің ұстанымдары жайлы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Джеки Чан. Фото REUTERS © Джеки Чан. Фото REUTERS ©

Джеки Чан Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Қытай кинофестивалі аясында осындай атаққа қалай жеткені жайлы, бір еңбекқор адамның өзі түсірілім алаңында қаншалықты көп жұмысты атқара алатыны жайлы және өзінің ұстанымы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Джеки Чан Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Қытай кинофестивалі аясында осындай атаққа қалай жеткені жайлы, бір еңбекқор адамның өзі түсірілім алаңында қаншалықты көп жұмысты атқара алатыны жайлы және өзінің ұстанымы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Расында менің үлкен тәжірибем бар. Мысалы, фильм түсіргенде мен сол фильмде режиссер, продюсер боламын, онымен қоса, монтаж жасаймын. Сосын түсірілім алаңының еденің сыпырып тазалап шығамын. Мәтіндер жазамын, музыканы тексеремін. Сонымен қатар, қайырымдылықпен айналысамын. Осының барлығы маған әлемді тануға және өзім үшін көп дүниені білуге мүмкіндік берді. Тәжірибем мол. Бірақ барлық жұмысыды аяқтаған соң мен қуанамын. Мен уақытымды босқа жұмсағым келмейді, менің ондай мүмкіндігім де жоқ. Маңызды емес істерге уақытымды құртпаймын. Мысалы, өсек-аяңдарды мүлде қарамаймын", - деді актер.

Джеки Чанның айтуынша, оған осындай атаққа ие болу оңайға соққан жоқ.

"Ең төменнен бастап, әрбір қадам сайын жоғары қарай көтерілдім. Себебі мен кез келген адамды түсінемін, адамдармен қалай дұрыс сөйлесу керектігін білемін. Ынтамның арқасында және ең бастысы жанкүйерлерімнің, командамның арқасында осындай жұлдыз атандым. Жанкүйерлерім менің фильмдерімді қарайды және мен осылайша, фильмдерім арқылы оларға өзімнің әлемімді көрсеткім келеді", - деді актер.

Сондай-ақ, Джеки Чан қазақстандықтарды келесі жылы Бейжіңде ашылатын кунг-фу мектебіне шақырды. Оның айтуынша, актер және оның командасы осы саламен енді ғана айналысып жатыр. Бірақ олар болашақта әлем бойынша, оның ішінде Қазақстанда да осындай мектептерді ашқысы келеді екен.

Осыған дейін актер Қазақстанға келіп, осында кинематографиямен айналысуды армандайтынын айтқан еді. 

Аты аңызға айналған актер Джеки Чан кеше Қазақстанға ұшып келген болатын. Астана әкімі Әсет Исекешев әйгілі актерді әуежайдан өзі күтіп алды.

Айта кетейік, 2017 жылдың 7-18 маусым аралығында Астанада Қазақстан-Қытай кинофестивалі өтеді. 63 жастағы Джеки Чан Қазақстанға осы шараға қатысу үшін келіп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети