08 желтоқсан 2017 11:22

Ерке Есмахан, Баян Алагөзова және Айя Шалқар - Ұлыбританиялықтар біздің ұлтты біле ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Блогер Danny Y. Ұлыбритания тұрғындарына Қазақстанның танымал әйелдерін көрсетіп, ұлтын табуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Автор видеоны YouTube хостингіндегі арнасына жүктеді.


Блогер Danny Y. Ұлыбритания тұрғындарына Қазақстанның танымал әйелдерін көрсетіп, ұлтын табуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Автор видеоны YouTube хостингіндегі арнасына жүктеді.

"Бүгін шетелдіктерге қазақстандық танымал әйелдер бейнеленген суреттерді көрсетемін. Олар бұл жайлы ештеңе білмейді. Олар әйелдердің қай елден екенін табуға тырысып көреді", - деп бастады экспериментін автор.

Бірінші қыз - модель Айя Шалқар. Тұрғындардың бірі оны Шығыс Еуропадан десе, екіншісі оны орыс ұлтынан деп ойлап қалды. Оны Босниядан немесе Сингапурден дегендер де кездесті. Тағы біреуі модель қызды Кореядан деп қалды.

Келесі кезекте Баян Алагөзованың суреті көрсетілді. Бір ағылшын оны Пәкістаннан немесе Үндістаннан деп ойлады. Қалғандары оны испан деп те атады. Тағы біреуі оны Ирактан немесе Тайваннан дейді.

"Ерекше келбет. Қытайлық шығар", - деді тағы бір қыз.

Ал Ерке Есмаханның суретін көргендер оны жапон, қытай немесе тай қызы деп ойлап қалды.

Бір ағылшын дұрыс жауап беруге шақ қалды: "Азияда, Ресеймен көршілес, осы жақтан".

Волейболшы Сабина Алтынбекованы тұрғындар жапон немесе кореялық деп ойлады. 

Ал соңында барлық әйелдің бір елден екенін білген ағылшындар таңғалысын жасырмады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети