22 қараша 2021 08:54

АҚШ-та жол талғамайтын көлік шеруге шыққан бір топ адамды қағып өтті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

АҚШ-та Уокешо қаласында Рождество шеруінде жол талғамайтын көлік бір топ адамды қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


АҚШ-та Уокешо қаласында Рождество шеруінде жол талғамайтын көлік бір топ адамды қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Желіде жарияланған кадрларда қызыл жол талғамайтын көлік шеруге жабылған жолда асқан жылдамдықпен шеруге қатысушыларға қарай жүріп келе жатқаны көрінеді.

Оқиға орнында тағы бір видеода қызыл жол талғамайтын көлік қиылыстағы ағаш қоршауды бұзып өткені көрінеді, сондай-ақ қатты дыбыстар естіледі. Ол атыс дыбысы деп болжанған.

Алдын ала мәлімет бойынша, кем дегенде 30 адам зардап шеккен және кем дегенде бір адам қаза тапқаны айталған.

Бұл апат па, әлде жоспарланған шабуыл ма, әзірге белгісіз.

Бұған дейін Техас штатындағы Эль Пасо округіндегі ипподромда жарыс кезінде жарыс көлігі жиналған көрермендерді қағып кеткен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети