20 сәуір 2022 09:02

Илон Маск Марсқа ұшу құны қанша болатынын болжады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz мұрағатынан Tengrinews.kz мұрағатынан

SpaceX бас директоры Илон Маск Марсқа ұшу билеті шамамен 100 000 доллар (44,5 миллион теңгеден астам) болатынын айтты. Бұл тек ұшып баруға, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Business Insider басылымына сілтеме жасап.


SpaceX бас директоры Илон Маск Марсқа ұшу билеті шамамен 100 000 доллар (44,5 миллион теңгеден астам) болатынын айтты. Бұл тек ұшып баруға, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Business Insider басылымына сілтеме жасап.

Business Insider мәліметінше, Маск TED конференциясының кураторы Крис Андерсонмен әңгімелесу барысында Қызыл ғаламшарға саяхат құнын атаған. Оның айтуынша, баға ішінара экономикаға, сондай-ақ Марста қала салуға миллионға жуық адамды тарту үшін Марсқа саяхатты қолжетімді ету қажеттілігіне байланысты болады.

"Егер Марсқа көшу құны 100 мың доллар болса, онда менің ойымша, бәрі дерлік бұл соманы жинап, қаласа Марсқа бара алады", - деді миллиардер.

SpaceX Марсты "барлық адамға қолжетімді" етуді мақсат етеді, деді Маск. Басқа планетаға көшуге дайын адамдар бір жақты билетті төлеу үшін жердегі барлық мүлкін сатады дегенді меңзеп. Әңгімелесу барысында кәсіпкер мемлекеттік бағдарламалар мен несие алу сияқты басқа да қаржыландыру жолдарына тоқталған.

Еске салайық, Масктың SpaceX компаниясы алдағы онжылдықтарда Марста өзін қамтамасыз ететін қала салуды жоспарлап отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети