09 тамыз 2021 16:15

Лукашенко диктатура туралы айыптауларға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Беларусь президенті Александр Лукашенко диктатураға қатысты айыптауларға жауап берді. Ол ешқашан ешкімге ештеңе бұйырмағанын, оны болашақта да жасамайтынын және республиканың мұндай басқару стиліне ресурсы жоқ екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

"Менің бағытыма қарай айтылған түрлі айыптауға, (мысалға "диктатура" деген сияқты) бар мүмкіндігімше жауап беремін. Тыңдаңыз, біздің елде бұл басқару стилін қолданатындай ресурс жоқ. Мен ешқашан ешкімге ештеңе бұйырмадым, болашақта да бұйырып жұмыс істеуді ойламаймын", - деді Лукашенко сайлаудан тура бір жыл өткен соң ұйымдастырылған "Президентпен үлкен әңгіме" барысында.

Еске салайық, Беларусьте өткен президенттік сайлауды әділ өтпеді, халықтың дауыс беру нәтижелерін бұрмалады деп елде рұқсат етілмеген оппозициялық наразылық акциялары өтті.

Лукашенко басты мақсат Беларусь елінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтті.

"Қалғандарына бос ресурс жұмсауға менің мүмкіндігім де, уақытым да жоқ, бірақ, олар бізді мазаласа, біз де жауап береміз", - деді Лукашенко.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети