04 ақпан 2022 17:34

Мексикада Forbes тізіміндегі миллиардер қайтыс болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:twitter.com/ITAM_mx Фото:twitter.com/ITAM_mx

Білім мен өнер меценаты ретінде танымал мексикалық миллиардер, тау-кен және бөлшек сауда магнаты Альберто Байерс 90 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.


Білім мен өнер меценаты ретінде танымал мексикалық миллиардер, тау-кен және бөлшек сауда магнаты Альберто Байерс 90 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Twitter-де Мексиканың сыртқы істер министрі Марсело Эбрард мәлімдеді. 

"Әйгілі мексикалық кәсіпкер Альберто Баилерестің қайтыс болғаны өте өкінішті. Оның отбасы мен достарына шын жүректен көңіл айтамын", - деп жазды ол. 

Агенттік мәліметінше, өлім себептері әлі белгісіз. Forbes мәліметі бойынша, Мексиканың Industrias Penoles тау-кен компаниясының негізін қалаушы, күміс өндірісінің әлемдік деңгейдегі көшбасшысының байлығы 2022 жылы 8,6 миллиард долларға бағаланады.

Альберто Байерс 1931 жылы Мехикода дүниеге келген. Жасөспірім кезінде ол АҚШ-тағы әскери мектепте оқыған. Онда оны ITAM сайтындағы мәліметке сүйенсек, тәртіпке баулыған. Университетте экономиканы зерттеп, 1951 жылы Мексиканың Banco de Comercio мемлекеттік банкіне жұмысқа қабылданды, студент кезінде филиал басқарушысы болды.

Осыдан кейін ол Мексиканың жетекші сыра қайнату компаниясы Cerveceria Cuauhtemoc Moctezuma-да жұмыс істеді. Байерес Тереза Гуалға үйленді, жеті баласы бар. Ұзақ уақыт бойы Forbes журналының миллиардерлер тізіміне болған.

Ондаған жыл бойы кәсіпкер 1946 жылы әкесі Рауль Байерес бастаған кәсіпкерлер тобы құрған Мексика технологиялық автоном институтының (ITAM) қамқоршылық кеңесінің төрағасы болды. Мексиканың экономикалық саясатын ондаған жыл бойы дамытуға көмектескен көптеген технократ пен шенеунік ITAM-да оқыды.

"Оның ITAM-дағы академиялық мұрасы баға жетпес. Ол әр сектордың және көптеген тағдырдың өзгеруіне ықпал етті", - деді Мексиканың бұрынғы қаржы министрі және ITAM түлегі Хосе Антонио Миде.

Миллиардер бірнеше ірі мексикалық компанияның директорлар кеңесін басқарған, оның көпшілігін құрды. Сонымен қатар, басқа ірі мексикалық фирмалардың директорлар кеңесінде басшылық қызметтер атқарды. Оның көптеген компаниясы экономиканың барлық саласын - сақтандырудан бастап, бөлшек саудаға дейін қамтиды және штаб-пәтері Мехикодағы ең бай аудандардың бірінде орналасқан Grupo BAL-мен біріктірілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети