04 ақпан 2022 15:34

Нидерландыда АИТВ-ның жаңа штамы табылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оксфорд университетінің ғалымдары Нидерландыда табылған АИТВ-ның жаңа жұқпалы штамы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.


Оксфорд университетінің ғалымдары Нидерландыда табылған АИТВ-ның жаңа жұқпалы штамы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Зерттеулерге сәйкес, жаңа штамм тез таралады әрі инфекциядан кейін 9 ай ішінде әсерін көрсетеді. VB нұсқасы деп аталатын жаңа мутация қазір кем дегенде 109 адамға жұғып үлгерген.

Ғалымдар бұл штамм иммунды жүйені зақымдайтынын, басқа вирусқа қарағанда адамның күнделікті инфекция мен аурумен күресу қабілетін әлсірететінін айтты. Демек, осы штаммен ауыратындарда ЖИТС тезірек дамиды дегенді білдіреді. Зерттеушілер пікірінше, VB нұсқасының вирустық жүктемесі қазіргі АИТВ штамынан 3,5-5,5 есе жоғары, яғни адамдар арасында жұғу ықтималдығы жоғары. Дегенмен емделгеннен кейін бұл адамдардың иммунды жүйе мен өмір сүру деңгейі, АИТВ-ның басқа штамдарын жұқтырған адамдардың көрсеткіштерімен бірдей болатыны айтылды.

Тәуелсіз сарапшылар үрей тудыратын мәселе жоқ екенін айтты. Талдау нәтижелері VB 1980 жылы пайда болғанын және 2010 жылдан бастап әлсірей бастағанын көрсетті. Генетикалық заңдылықтарды талдау VB алғаш рет 1980 жылдың аяғында және 1990 жылдың басында Нидерландыда пайда болғанын көрсетті. Ғалымдар бұл нұсқаның қаншалықты жұқпалы және иммунды жүйеге зиян екенін әлі білмейді. Олар бұл штамды жұқтырғандардың Нидерландыда АИТВ-мен өмір сүретін басқа адамдар сияқты жасы мен жынысын есептегенде, бірдей сипаттамаларға ие екенін айтты.

Сарапшылар бұл нұсқаны зерттеу вирустың дәрі-дәрмекпен емдеуге болатын жаңа мүмкіндерін ашуы мүмкін екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети