30 желтоқсан 2021 17:48

Оңтүстік Африка ғалымдары омикрон штамы туралы жаңа деректерді жариялады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Оңтүстік Африкадағы Ұлттық жұқпалы аурулар институты мен Претория университеті зерттеушілерінің мәліметтері бойынша омикрон штамынан болатын өлім-жітім деңгейі COVID-19-дың басқа штамдарымен салыстырғанда 75 пайызға төмен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.


Оңтүстік Африкадағы Ұлттық жұқпалы аурулар институты мен Претория университеті зерттеушілерінің мәліметтері бойынша омикрон штамынан болатын өлім-жітім деңгейі COVID-19-дың басқа штамдарымен салыстырғанда 75 пайызға төмен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, ғалымдар елде омикрон штамы пайда болғаннан бері Цване қаласында (омикрон табылған алғашқы қала) ауруханаға жатқызылған 450 науқастың жазбасын зерттеген. Содан кейін олардың өмір сүру деңгейі пандемия кезінде бұрын ауруханаға жатқызылған 4 мыңға жуық пациенттің көрсеткіштерімен салыстырылды.

"International Journal of Infectious Diseases" журналында жарияланған зерттеу нәтижелері де алдыңғы толқындармен салыстырғанда реанимация бөлімшелеріне жатқызылғандар саны төрттен бір есеге аз болғанын және ауруханада емделу уақыты екі есе қысқарғанын көрсетті.

Омикрон пандемияның аяқталғанын хабарлап, вирустың эндемиялық фазасын бастауы мүмкін", - делінген зерттеуде.

Сонымен қатар, зерттеу барысында омикронды жұқтырғандар ауруханаға жатқызылғаннан кейін төрт күн ішінде шығарылғаны анықталды. Алдыңғы толқындар үшін бұл көрсеткіш 8,8 күн болды.

"Омикронға байланысты ауруханаға жатқызу деңгейінің төмендігі бұл штамның ауырлығы төмен екендігімен түсіндіріледі, бірақ бұл теорияны растау үшін көбірек зерттеулер қажет", - дейді сарапшылар.

Сарапшылар сонымен қатар ауруханада жатқандардың жартысы оттегі терапиясын қажет етпейтініне назар аударды, ал бұрынғы штамдарда бұл көрсеткіш 99,5 пайызға жетті. Қарқынды терапияны қажет ететін адамдардың саны алдыңғы эпидемия кезіндегі 4,3 пайызбен салыстырғанда бір пайызды құрады.

Зерттеуде Оңтүстік Африкада алдағы бірнеше аптада инфекциялар мен ауруханаға жатқызулар төмендейтінін көрсететін айқын белгілер бар дейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети