“Жарылыс пен түтін“. Ақтөбе облысында дронның құлаған сәті видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Жарылыс пен түтін“. Ақтөбе облысында дронның құлаған сәті видеоға түсіп қалды Бейнеден алынған кадрлар

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы даласында ұшқышсыз ұшу аппараты сынықтарына ұқсас заттар табылды. Оқиға орнына полиция мен шұғыл қызметтер жетіп, тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы даласында ұшқышсыз ұшу аппараты сынықтарына ұқсас заттар табылды. Оқиға орнына полиция мен шұғыл қызметтер жетіп, тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, бұл затты жергілікті тұрғындар байқаған. Олар оқиға орнын және жеткен шұғыл қызметтердің жұмысын видеоға түсіріп алған. Сонымен қатар кейбір тұрғындар нысанның құлаған сәтін де түсіріп үлгергенін айтады - әлеуметтік желілерде тараған кадрлардан жарылысқа ұқсас дыбыс естіледі.

"Міне, жарты сағат бұрын дрон құлады. Таңғы уақыт - сегіз жарым", - дейді желіде тараған видео авторы.


Өңірлік полиция департаменті нысанның табылғаны туралы ақпаратты растады.

"Ақтөбе облысының полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп, Қарғалы ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсас заттардың табылу дерегі бойынша тексеру шараларын жүргізіп жатыр. Нысан елді мекен аумағынан тыс жерде табылды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады ПД өкілдері.

Ресми мәліметтерге сәйкес, өңірде мұндай жағдай алғаш рет тіркеліп отыр.

Қазақстанның батысында ұшқышсыз ұшу аппараты құлады: полиция не дейді?

Биылғы наурызда мессенджерлерде Батыс Қазақстан облысындағы ауыл маңына дрон құлағаны туралы ақпарат пен суреттер тараған болатын. Бұл мәліметті кейін өңірлік полиция департаменті растады.

Оқиға Ақжайық ауданында болғаны хабарланған еді. Ұшқышсыз ұшу аппараты сынықтарына ұқсайтын заттар табылған.

2025 жылдың наурызында БҚО-ның Жәнібек ауданында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтары табылды. Ол кезде де өңірлік полиция департаменті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 463.09   541.61   6.19 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер