08 қараша 2020 13:58

Карантин рейдінен қашу: Алматыда бардың 51 клиенті полицияға жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан скрин Видеодан скрин

Бүгін Желіде тараған видеода көрсетілген бардың 51 клиенті карантин режимін бұзғаны үшін полицияға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бүгін Желіде тараған видеода көрсетілген бардың 51 клиенті карантин режимін бұзғаны үшін полицияға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде қоршауды сындырып қашқан бардың келушілері түсірілген видео тарады. Полициядағылардың айтуынша, оқиға кеше түнде Сәтпаев және Достық көшелерінің қиылысында орналасқан мекемеде болған.

"Карантин шараларын қадағалайтын арнайы мониторинг топтың құрамына кіретін біздің құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері "Бла Бла барда" санитар дәрігердің талабын орындалуын тексерді. Мекеме әкімшілігі де, келушілер де карантин туралы естімегендей, қызу кеш өтіп жатқаны анықталды. Барға келген 51 клиент полиция бөлімшесіне жеткізілді және олар Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Сондай-ақ мекеме иесіне қатысты да шара қабылданды. Бірнеше келуші полиция қызметкерлерінің келгенін көріп, қоршауды сындырып қашуға тырысқанын атап өту керек", - деді Медеу ауданы Полиция басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Дәурен Өтебаев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Нас попросили удалить, но мы решили залить заново ? Побег с бла-бла бара после рейда.

Публикация от Сергек | Алматы (@sergek.kaz)

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети