1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға

Қазақстанда аптаптан бірнеше орман өртеніп жатыр03 тамыз 2020, 11:01

Өткен тәулікте республика бойынша 12 табиғи өрт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ТЖК-ге сілтеме жасап.

Қалыптасқан ыстық ауа райына байланысты республикада жоғары өрт қаупі сақталады.

Ведомство Қостанай, Павлодар облыстарындағы 2 орман өрті және Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарындағы 3 өртті қадағалап отыр.

"Өткен тәулікте Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы құрғақ шөп өрті ауыздықталды. Аталған өңірлерде дала өртінің жалпы ауданы - 3537 гектар, оның ішінде Ақтөбе облысындағы өрт ауданы айтарлықтай үлкен - 2 000 гектар, Батыс Қазақстан облысында - 1 394 гектар", - делінген ТЖК хабарламасында.

Өртті жоюға ТЖД, ерікті өрт сөндіру құрамаларының, орман шаруашылықтарының күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!