24 қаңтар 2021 10:33

Талғар ауруханасынан танымал блогерлерді күштеп шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© LIFE KZ © LIFE KZ

22 қаңтарда LIFE YouTube-каналының блогерлері Ринат Кибраев, Жанар Құсайынова және Валерий Кудрявцевті Талғардағы Орталық аудандық ауруханадан күштеп шығарды. Қоғам белсенділері оқиғаның видеосын әлеуметтік желіге жүктеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


22 қаңтарда LIFE YouTube-каналының блогерлері Ринат Кибраев, Жанар Құсайынова және Валерий Кудрявцевті Талғардағы Орталық аудандық ауруханадан күштеп шығарды. Қоғам белсенділері оқиғаның видеосын әлеуметтік желіге жүктеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Блогерлердің айтуынша, оларға емдеу мекемесінің күзетіндегі қызметкерлер шабуыл жасаған. Валерий Кудрявцев видеоға түсіріп жатқанда күзетшілердің бірі оны жарақаттаған. Блогерлер күзетшінің әрекетін құқыққа қарсы және агрессия деп атады.

Кадрда күзетшілердің блогерлерді ғимараттан шығарып жатқанын көруге болады. Күзетшілер оларға өтейін жеп жатқан жиналыс тек қызметкерлерге арналғанын айтты.

Айта кетейік, өткен аптада Талғар орталық аудандық аурухананың бас дәрігері Нұрлан Құлсейітов қайтыс болды. БАҚ мәліметінше, ол коронавирустан көз жұмған.

Бұған дейін бас дәрігер түсіп қалған видео әлеуметтік желіде талқыланған болатын. Ол кезде Нұрлан Құлсейітов ашуланып, Талғар әкімдігіндегі жиналыстан шығып кеткен.  Оқиғадан кейін кейбір пайдаланушы LIFE блогерлерін арандатушылық жасады деп айыптаған еді. Содан соң  блогерлер Құлсейітовпен жеке сөйлесу үшін ауруханаға барды, бірақ олар кабинетіне кіре алмады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети