25 қараша 2020 07:54

Тұрсынбек Қабатовтың даулы оқиғасы жалғасты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © kokshetau.asia Фото: © kokshetau.asia

Қазақстандық танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың көлігі адамды қағып өлтірді деген оқиға жалғасты. Бұл туралы "Көкшетау Азия" агенттігінің сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың көлігі адамды қағып өлтірді деген оқиға жалғасты. Бұл туралы "Көкшетау Азия" агенттігінің сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апаты 2019 жылғы 13 қазанда Ақмола облысы Ахмет Нұра ауылына жақын жерде болған. Lexus көлігінің жүргізушісі 34 жастағы Ерлан Омарқұловты қағып кетті және ол жарақат салдарынан қайтыс болды.

Кейін адамды қағып кеткен жол талғамайтын көліктің Тұрсынбек Қабатовқа тиесілі екені белгілі болды. Алайда ол кезде көлікті көмекшісі, музыкант жүргізген.

Әзіл-ысқақшының өзі апат туралы көпшілік білгеннен кейін мәлімдеме жасады. Ол жол апаты болған күні көмекшісі үйіне барып-келу үшін көлік сұрағанын және оның жүргізуші куәлігі жоқ екенін білмегенін айтты.

Журналистерге Қабатовтың сол көмекшісі тағы да полицейлердің назарына іліккені белгілі болды. Ол көліктің жылдамдығын асырып, мас күйінде жүргізгені үшін ұсталған.

"Бір қызығы ол тағы да 2019 жылы шыққан Cadillac Escalade жол талғамайтын көлігін айдаған және ол күлік Мөлдір Мұқановаға - Тұрсынбек Қабатовтың әйеліне тиесілі", - делінген хабарда.

"Қызық, Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова да көмекшісінің жүргізуші куәлігі жоғын білмеді ме әлде бұл кезекте басқа ақталу бар ма?" - деп сұрақ қойды басылым.

Ал қайтыс болған ер адамның анасы тергеушілер заттай дәлелдердің бәрін жойғанын, істі жауып, жүргізуші жауапкершіліктен қашуы үшін қолдан келгенін жасағанын мәлімдеді. Өйткені ол - Қабатовтың көмекшісі. Әйелдің айтуынша, тергеушілер Қабатовтың көмекшісін кінәсіз деп шығарып, жол апатына оның баласын кінәлі көрсетуге тырысып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети