15 наурыз 2017 22:37

14 жастағы чемпион рұқсат етілмеген жекпе-жек кезінде мерт болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Facebook © Facebook

Ұлыбританияның Лидс қаласында Англия чемпиондығына талас кезінде 14 жастағы кикбоксшы Скотт Марсден көз жұмды, -деп хабарлайды The Sun.


Ұлыбританияның Лидс қаласында Англия чемпиондығына талас кезінде 14 жастағы кикбоксшы Скотт Марсден көз жұмды, -деп хабарлайды The Sun.

Талантты спортшының болашағы зор болады деген сенім мол еді. Куәгерлердің сөзінше, кикбоксшы өзін аяқ-асты нашар сезінген. Төреші бірден жекпе-жекті тоқтатып, құлап бара жатқан Скотты ұстап қалған. Жас спортшыны бірден ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.


Скотт Марсден - Еуропадағы кикбокс турнирлерінің бірнеше дүркін жеңімпазы © SWNS

Қайғылы оқиға сенбі күні жеткіншектің әкесі мен бапкерінің көз алдында болған. Басылымның жазуы бойынша, жекпе-жекке Британдық кикбоксинг кеңесі (British Kickboxing Council) рұқсат бермеген.


Оқиға болған жекпе-жек Колледж. © PA

Ал Кикбоксингтің халықаралық қауымдастығы (World Kickboxing Association) дәрігерлердің қызметіне сын білдірді. Қауымдастықтың англиялық бөлімінің президенті Джон Грин залдағы дәрігерлер жеткіншектің өміріне араша түсуге тырысқанымен, спортшыға ерекше көмек қажет болғанын айтады. 


 Facebook/pixel8000

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети