15 жастағы қазақстандық әлем чемпионатын жеңіп алды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: instagram.com/wf_rk Фото: instagram.com/wf_rk

Қазақстандық ауыр атлет Ксения Прозорова Лимада (Перу) өткен қыздар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық ауыр атлет Ксения Прозорова Лимада (Перу) өткен қыздар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

15 жастағы қазақстандық спортшы тәжірибелі қарсыластарынан 9 келіге алда болды. Соңғы мүмкіндігін орындаудан бас тартты – оған қажеттілік болмады. Ксения Прозорованың нәтижесі – 199 келі (91+108).

59 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша қыздар арасындағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатының нәтижелері:

  • Ксения Прозорова (Қазақстан) – 199 келі
  • Маржона Абдумуталова (Өзбекстан) – 190 келі
  • Полина Павлович (Ресей) – 189 келі

"Былтырғы чемпионатпен салыстырғанда, бұл жолы бәсеке күштірек болды. Әсіресе ресейлік пен өзбекстандық спортшы айтарлықтай бәсекелестік көрсетті. Бірақ біз толық күшімізді салмадық – бұл нәтиже үйде көтергеннен 10 келіге аз.

Үшінші және алтыншы кезектен бас тарттық, себебі оған қажеттілік болмады. Жалпы айтқанда, жеңісті "ойнап жүріп" алдық деуге болады", – деді спортшының бапкері Азамат Нұруллаев Tengri Sport тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, Ксения Прозорова Алматы облысындағы Қараой ауылында дүниеге келген және сонда тұрады. Ол 13 жасында ересектер арасындағы Қазақстан чемпионы атанса, 14 жасында бұл жетістігін қайталаған. Лимадағы алтын – оның әлемдік деңгейдегі алғашқы чемпиондығы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 519.65  course up  596.17  course up  6.63  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer