03 сәуір 2014 11:10

2022 жылғы қысқы ойындар бір жылға шегерілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: rsport.ru Сурет: rsport.ru

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Халықаралық футбол одағы қауымдастығының (ФИФА) футболдан 2022 жылы Катарда өтетін Әлем чемпионатын қыста өткізуіне қарсы екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Халықаралық футбол одағы қауымдастығының (ФИФА) футболдан 2022 жылы Катарда өтетін Әлем чемпионатын қыста өткізуіне қарсы екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қатарда өтіп жатқан ХОК-тың жиыны барысында ұйымның президенті Томас Бах 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындары мен футболдан өтетін әлем чемпионаты бір жылда өтуін тиімсіз деп санауда. Егер, бұл екі дүбірлі дода қатар өтетін болса, қысқы ойындарды қабылдайтын ел мен оның демеушілері айтарлықтай шығынға ұшырауы мүмкін. Сонымен қатар, бұл қысқы ойындардың беделін де біршама түсіреді деп болжануда. Бұл жәйттарды ескере отырып, ХОК мүшелері футболдан әлем чемпионатының уақытын өзгертпесе, онда 2022 жылғы ақ ойындарды 2023 жылы өткізуді ойластырып отыр. 

Айта кетейік, футболдан 2022 жылғы әлем чемпионаты Қатарда өтеді. Бірақ, бұл елде жаз мезгілі тым ыстық болғандықтан, ФИФА турнирді қыста өткіземіз деп жоспарлап отыр. Дегенмен, бұл әлі нақты шешім емес. Қатардағы әлем біріншілігінің өту уақытын ФИФА 2015 жылы анықтайтын болады. 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети