01 мамыр 2017 10:20

23 жастағы гимнаст 3 бөлмелі пәтердің құнына тең той көйлегін киді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азия және Азия ойындарының чемпионы, көркем гимнастикадан әлемдік кластағы спорт шебері 23 жастағы Анна Алябьева тұрмысқа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әлеуметтік желілерге сілтеме жасап.


Азия және Азия ойындарының чемпионы, көркем гимнастикадан әлемдік кластағы спорт шебері 23 жастағы Анна Алябьева тұрмысқа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әлеуметтік желілерге сілтеме жасап.

Спортшы қыз бір кеште көйлегін үш рет ауыстырған. Ал қалыңдық көйлегін қазақстандық әрі қырғызстандық дизайнер Наиль Байкучуковқа тіктірген екен. Айта кетейік, қалыңдық көйлегі түсірілген видеоны дизайнердің өзі әлеуметтік желіге жүктеді.

Үйлену тойының жүргізушісі көйлектің бағасы Астана орталығындағы үш бөлмелі пәтердің бағасымен тең екенін айтып өтті. Алайда кейбір қолданушылар оның бұл сөзін "сәтсіз айтылған қалжың" деп айтты.

Cпортшы қыздың сүйіктісінің есімі - Нұрлан. Ол 36 жаста, Алматы қаласынан. Сондай-ақ, 23 жастағы Анна Алябьеваның күйеуінің тегін алып, бірақ өзінің тегін де қалдыруды жоспарлап отырғаны белгілі болды.

"Біз Астанадағы мейрамханалардың бірінде таныстық. Мен сол мейрамханаға барып жүретінмін, бірақ оны көрген емеспін. Екі апта араластық, сосын ол маған ұсыныс жасады. Мен осындай адамды ұзақ күткен едім. Енді 25 ақпанда оның отбасы менің ата-анаммен танысып, құда түсуге келеді. Оның анасы жақсы, біз бірден ортақ тіл табысып, достасып кеттік. Үйлену тойы 30 сәуірде Алматыда өтеді. Жалпы, қызық дүние болды. Мен нумерологияға сенбеймін, бірақ біздің өмірімізде 3 cаны біраз рөл атқарды. Біз онымен 3 желтоқсанда түнгі сағат 3-те таныстық және екеуміз де 3 баланың болғанын қалаймыз. Үйлену тойын 3 наурызда өткізгіміз келді, бірақ ол кезде күн суық болады деп тойды 30 сәуірге қалдырдық. Мұнда да 3 саны бар", - деді Анна Алябьева.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети