25 тамыз 2017 22:22

26 жастағы белгілі бодибилдер Даллас Маккарвер тамаққа қақалып қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/dallasmccarver © instagram.com/dallasmccarver

Америкалық белгілі бодибилдер Даллас Маккарвер 26 жасында қайғылы оқиғадан қайтыс болды, - деп хабарлайды TMZ Sports.


Америкалық белгілі бодибилдер Даллас Маккарвер 26 жасында қайғылы оқиғадан қайтыс болды, - деп хабарлайды TMZ Sports.

Маккарвер Флорида штатындағы өз үйінің асханасында тамаққа қақалып қалған. Атлеттің ес-түссіз жатқанын 22 тамызда таңғы уақытта танысы көрпген. Жолдасы спортшыға алғашқы медициналық көмек көрсеткісі келіп, жасанды демалдыру әдісін қолданған, алайда оны құтқару мүмкін болмаған. 

Ауруханаға жеткізілгенде дәрігерлер оның өлімін тіркеген. Оқиға қарсаңында Маккарвер құрбысы рестлер Дана Брукпен телефон арқылы сөйлесіпті. Қыздың айтуынша, ер адам түскі ас дайындағалы жатқанын айтқан, ал соңғы сөзі "Сені жақсы көремін, сау бол" болған. 

Даллас Маккарвер америкалық бодибилдингте болашағынан зор үміт күттіретін спортшы еді. Карьерасын 21 жасында бастапты. Спортшының бойы 183 сантиметр де, салмағы шамамен 120 келі. 2016 жылы ол Mr. Olympia конкурсында сегізінші орында болған. Ал биыл наурызда Маккарвер Аустралиядағы конкурста есінен танып құлаған. Оған қандағы глюкоза деңгейінің төмендеуі себеп болған еді.


© instagram.com/dallasmccarver

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети