Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

KazSport Ағылшын премьер-лигасын тарататын болды

12 Мамыр 2014, 17:33
0
Фото live-football.ru сайтынан
Фото live-football.ru сайтынан

Қазақстанның нөмірі бірінші спорттық арнасы KazSport әлемдегі ең бәсі биік футбол біріншіліктерінің бірі - Ағылшын премьер-лигасын Қазақстан аумағында тарату құқығын сатып алды, - деп хабарлайды Vesti.kz спорт порталы. 

"Біз келісімге келдік, енді аз-маз құжаттарды реттесек болғаны. Дегенмен, қазірдің өзінде тамыздан бастап көрермендер KazSport арнасынан Ағылшын біріншілігін толыққанды көре алады деп айтуға болады. Тарату құқығын екі жылға алдық. Сонымен қатар біз ауыр атлетикадан әлем біріншілігін де тікелей эфирде таратамыз. Одан бөлек біздің арна футболдан әлем біріншілігін және теннистегі ең үлкен турнирлер - Австралия ашық біріншілігі мен Ұлыбритания ашық біріншілігін көрсетеміз", - дейді KazSport арнасының директоры Диас Ахметшәріп. 

Айта кетейік, Қазақстанда тұңғыш рет ашылған спорт арнасы еліміздегі және шет елдердегі ірі турнирлерден тікелей эфир таратып жүр. Өткен маусымда бұл арна футболдан Германияның Бундеслигасын көрсетсе, алдағы уақытта Бразилия жерінде өтетін футболдан әлем чемпионатын басынан аяғына дейін таратуды жоспарлап отыр.  

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай